Сот көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 175 азаматқа қатысты әкімшілік істер қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  2017 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 175 әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай, 175 азамат алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзған.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулыларымен 175 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабымен («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйде басқаруы») әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 30 адам 20 тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамаққа алынды, 144 құқық бұзушының әрқайсысы 3 жылдан 6 жыл мерзімге дейін көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылды, 1 құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі