Сот көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Степногрск қалалық соты алкогольдік масаң күйінде танымайтын ер адамдармен жыныстық қарым-қатынасқа түсіп, кейін зорлағаны және пәтерде күштеп ұстағаны жөнінде көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін айыпталған азаматша Х-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотталушы сотта жасалған қылмыс жөнінде көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін шынайы өкініп, алкогольдік масаң күйде болғанын жеткізді.

Сот үкімімен әйел адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен («Көрiнеу жалған сөз жеткiзу») кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі