Сот құқық бұзушыға кәмелетке толмағандарды алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзгені үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағандарды алкогольдік масаң күйге жеткізгені үшін азамат О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат О.  кәмелетке толмаған Т. және П-ға алкогольдік ішімдікті ішуге ұсынған. Нәтижесінде, оларды алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзді.

Сот қаулысымен азамат О. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 131-бабы бойынша («Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі