Сот қызметкерді жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп танып, оны жұмысқа қайта алғызды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азамат А-ның Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмыс орнына қайта алғызу, амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) уақытына еңбекақысын өндіру және келтірілген моралдық зиянды өтеу туралы талап-арыз бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. жеке еңбек шарты негізінде ЖШС-де күзетші ретінде еңбек еткен. Жұмыс беруші азамат А-ны ақысы төмен жұмысқа ауыстырған. Аталған жұмыста еңбекақы аз төленгендіктен және ауыстыру туралы бұйрық көрсетілмегендіктен азамат А. лауазымнан бас тартқан. Азамат А. жұмыс берушімен жұмыстан босатылды.

Сот шешімімен азамат А. ЖШС-не өзінің бұрыңғы жұмысына күзетші ретінде қайта алынды. Азамат А-ның пайдасына амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақысы және өкілдің көмегін төлеу бойынша шығыны, сонымен қатар 15 000 теңге көлемінде келтірілген моралдық зиян өндірілді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі