Сот медиацияны қолданумен қылмыстық іс қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Есіл аудандық соты медиация тәртібімен кәсіби емес медиатордың қатысуымен қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. дүкендегі сатушының болмағанын пайдаланып, 30 000 теңге ақшалай қаражатты жасырын түрде ұрлаған.

Сотта сотталушы мен жәбірленушінің медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініштері түсті.

Сот отырысында кәсіби емес медиатор жүргізілген медиация нәтижесінде тараптар татуласып, сотталушы жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтырғаны және олар бір-біріне қояр талаптары жоқ екендігін айқындап берді.

Сот қаулысымен сотталушыға қатысты қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласқандары және келтірілген зиянның орнын толтырғанына байланысты тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі