Сот шешімімен берешек ортақ тәртібімен өндіріп алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  «Е» ЖШС-нің «Қ» ЖШС-і және «И» ЖШС-нен берешек сомасын өндіріп алу туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, тараптардың арасында шарт жасалған, осыған байланысты тауар беруші «Е» ЖШС-і тауарды беруге міндеттенді, ал сатып алушы «Қ» ЖШС-і тауарды қабылдап, төлеуді міндеттенді. Бірақ жауапкермен төлем жасау бойынша шарт тиісінше орындалмаған. Сонымен қатар, «Е» ЖШС-і «И» ЖШС-нің арасында кепілдік шарт жасалған, осыған байланысты

тауар беру шарт бойынша «Қ» ЖШС-нің міндеттерін орындау үшін «И» ЖШС-і несие берушінің алдында толық көлемінде жауап береді. Бірақ несие беруші, ортақ борышкерлердің  бірінен де толық қанағат алмағандықтан, қалған ортақ борышкерлерден түгел алмағанды талап етуге құқығы бар. Ортақ борышкерлер міндетті толық орындамағанша, міндетті болып қалады.

Сот шешімімен «Е» ЖШС-нің пайдасына «Қ» ЖШС-мен «И» ЖШС-нен ортақ тәртібімен берешек өндіріп алынып, «Е» ЖШС-нің «Қ» ЖШС-і және «И» ЖШС-не берешек сомасын өндіріп алу туралы  талап арызы қанағаттандырылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі