Сот шешімін орындамағаны үшін бес тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Қорғалжын аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 524 - бабында көзделген (сот шешімін орындамау) құқықбұзушылықты жасаған азамат Г., ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс мән жайлары бойынша Қорғалжын аудандық сотының 23.08.2013 жылғы шешімімен азамат Г.,-дан Ш., есімді азаматшаның пайдасына 1 279 940 теңге сондай-ақ, О.,-ның пайдасына 17 150 теңге материалдық шығын және 30 000 моральдық шығын және мемлекеттік баж салығын төлеу туралы сот шығындары өндіріп алынған.

Борышкер Г., сот шешімін бес күннің ішінде өз еркімен орындау туралы сот орындаушыларының ұсынысына қарамастан өзінің жұмыссыз жүргендігін айтып, ешқандай шара қолдануға талпынбаған.

Сот өз қаулысымен Г.,-ні Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 524 - бабында көзделген (сот актісін орындамау) құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.  

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі