Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Зеренді аудандық сотында сот актісін орындамағаны үшін азамат С-ға қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Сотпен, сот шешімі бойынша  азамат С-дан кәмелетке толмаған баласына күтіп-бағу жөніндегі алимент өндіріп алынғаны  анықталды. Алайда ер азамат сот актісін орындамаған.

Сот қаулысымен азамат С. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы  кодексінің 669-бабы бойынша («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі