Сот шешімін орындамағаны үшін сот бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Атбасар аудандық сотымен азамат П-ға қатысты қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібінде қаралды.
Сот анықтағандай, Атбасар аудандық сотының 2015 жылғы 4 қарашадағы шешімі негізінде азамат П-дан 505 000 теңге көлемінде берешек өндіріп алынған. Алайда, азамат П. сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Жеке сот орындаушының қаулысымен П-дан А-ның пайдасына қарыз соммасын өндіріп алуға қатысты атқарушылық өндіріс қозғалды.
Сот үкімімен азамат П. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 430-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып («Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау»), оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі пробациялық бақылау орнатумен жаза тағайындалды.
Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі