Сот сотталушының өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл түрдегі жазаға ауыстыру жөнінде сотталушы А-ның өтініш хатын қарады. Анықталғандай А. сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жасазын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеп, нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделумен сотталған.

Сотталған А-ның жеке ісінде көрсетілгендей жазасын өтеу мерзімінен бастап сотталушыға көтермелеу шарасы қолданылмаған. Сонымен қатар, оған үш тәртіптік жаза қолданылып, оның біреуі өтінішхатты қарау мерзімінде өтелмегені анықталды. Нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделуді өтпеген. Сотталғанның мінездемесінде жан-жалды тудыруға бейім және мекеменің әкімшілігі оны түзеу жолға түспеген деп көрсеткен.

Осыған байланысты сот сотталушы А-ның өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі