Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Егіндікол аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Б. бір жыл ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде болып екі рет әкімшілік жазаға тартылған, кейін қоғамдық орындарда масаң күйде қайта жүрген.

Сот қаулысымен азамат Б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 440-бабының 4-бөлігімен («Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі