Сот үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақкөл аудандық соты Наумовка ауылында алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылған, азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Р-да орта дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған байланысты азамат Р. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидасын бұзған.

Сот қаулысымен азамат Р. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен («Жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқаруы») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.  

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі