Сот әйелге Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қарады. 

Сот анықтағандай, Ресей Федерациясының азаматшасы 2016 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына келіп, ішкі істер органдарының тіркеуінен өтпеген. Осы әрекетімен, ол көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған.   

Сотпен Ресей Федерациясының азаматшасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен  («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.   

Қайнар: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі