Сот жеке кәсіпкердің шағымын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атбасар аудандық сотында мемлекеттік еңбек инспекторының іс әрекетіне жеке кәсіпкердің шағымы каралды.

Сот анықтағандай, еңбек инспекторының қаулысымен жеке кәсіпкер әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін айыппұл түрінде жазаға тартылған. Мемлекеттік еңбек инспекторы әкімшілік істі кәсіпкердің қатысуынсыз қарап, істі қарау уақыты мен орны туралы оған хабарламаған, құқықтары мен міндеттерін түсіндірмеген. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамада жауапкершілікке тартылатын тұлғаның қолы қойылмаған. Осы себептерімен, іс өндірісі кезінде әкімшілік заңнама талаптарының бұзылуына жол берілген.

Сот қаулысымен мемлекеттік еңбек инспекторының жеке кәсіпкерге қатысты қаулысының күші бұзылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі