Сот жұмысшының сақтандыру компаниясына қойған талабын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Степногор қалалық соты азамат Б.-ның өз қызметтік міндеттерін орындау барысында өмірі мен денсаулығына келтірілген нұқсанды өндіріп алу туралы «Халык Казахинстрах» АҚ-на қойған талап арызын қарады.

Сотқа белгілі болғандай, талапкер «ГМК Казахалтын» АҚ-ында еңбек келісім шарты бойынша жұмыс істеген. Іс материалдары бойынша оның денсаулығына жұмыс берушінің кінәсінен зиян келген. Қайғылы оқиға туралы толтырылған актіге сәйкес жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз дәлелденген.

Талапкердің жұмыс берушісі «ГМК Казахалтын» АҚ  28.04.2009 жылы  «Халык Казахинстрах» АҚ-мен 30.04.2010 жыға дейін сақтандыру келісім шарты жасалған екен. Бұл шарттың маңызды мақсаты сақтандырушының мүліктік мүддесін сақтандыру, оның міндеттемелеріне байланысты шығындарды өндіру,  еңбек ету барысында сақтандырушының өмірі мен денсаулығына келтірілген нұқсанды төлеу, ал сақтандырушы болса шартқа сәйкес сақтандыру сыйақысын төлеп отыруға міндетті, ал сақтандырушы сақтандыру оқиғасы туындағанда сақтандыру келісім шартында көрсетілген көлем мен жағдайда сақтандыру төлемін жүргізуі тиіс.

Сақтандыру оқиғасы 2010 жылдың 31-наурызында яғни, осы келісім шарттың әрекет ету мерзімінде  орын алғандықтан келісім-шартқа сәйкес сақтандыру оқиғасын сақтандырушы төлеуі қажет. Сақтандырушының сақтандыру жағдайы туралы білмегені оны сақтандыру төлеу міндетінен босатпайды.

Сот шешімімен талапкердің  өз қызметтік міндеттерін орындау барысында өмірі мен денсаулығына келтірілген нұқсанды өндіріп алу туралы «Халык Казахинстрах» АҚ-на қойған талап арызы қанағаттандырды.

«Халык Казахинстрах» АҚ-нан Б-ның пайдасына 500 АЕК мөлшерінде 706 500 теңге көлемінде  сақтандыру төлемі мен мемлекеттік баж салығы және өкілдік шығындар өндіріліп алынды.

Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы жауапкердің апелляциялық шағымы бойынша түскен осы істі қарап Степногор қалалық сотының шешімін өзгертусіз, апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі