Сот жұмыстан заңсыз босатылған азаматтың құқын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты талапкер У - дың Көкшетау қаласының әкімдігі мен «Көкше-Қамқор» ЖШС – на жұмысқа қайта орналастыру, лажсыз бос жүруге мәжбүр болған уақытына еңбек ақы өндіру туралы азаматтық ісін қарап аяқтады.

Іс мән-жайлары бойынша азамат У., 2013 жылдың 31 қазанында қала әкімінің өкімімен «Көкше-Қамқор» ЖШС директорлығы қызметінен қаржы полициясының «Көкше-Қамқор» ЖШС-на тексеру жүргізіп болғанынан кейін  жұмыстан өз еркімен босату туралы өтінішінің негізінде босатылған.
ҚР Еңбек кодексінің 57-бабы 5-бөлігіне сәйкес 2013 жылдың 4 қарашасында азамат У., өзінің өтінішін кері қайтарып алған.

ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 3-бөлігіне сәйкес  тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісу бойынша айқындалады.

Сот анықтағандай, тараптар ҚР Еңбек кодексінің 57-бабымен реттелетін еңбек келісім шартын бұзу мерзімі бойынша ортақ шешімге келмеген, ал заң бойынша өз еркімен жұмыстан босату туралы арыз беруші арызында күнін белгілемеген болса жұмыс беруші бір айлық мерзімге дейін жұмыстан босату туралы бұйрық шығара алмайды, өйткені осы уақыт ішінде жұмыскер өз өтінішін қайтарып алу құқығына ие.

Осыған сәйкес, талапкердің өтінішінде жұмыстан босатудың келісілген мерзімі көрсетілмесе бір ай уақыт өтпей жұмыскерді жұмыстан босату заңға қайшы.
Сот шешімімен азамат У - дың Көкшетау қаласының әкіміне және «Көкше-Қамқор» ЖШС на жұмысқа қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген уақытына еңбек ақы өндіріп беру туралы талабы қанағаттандырылды. Көкшетау қаласы әкімінің өкімі заңсыз деп танылып күші жойылды. Сондай-ақ сот У - ды өзінің бұрынғы жұмысына қайта орналастырып, лажсыз бос жүруге мәжбүр болған мерзіміне 159 919 мың теңге айлық жалақысын өндіріп берді.    

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі