Сотпен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін әйел кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшілдер аудандық соты азаматша А-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша А. бала бақшасы   меңгерушісінің міндетін  атқарып, 2015 жылы қаңтар-маусым айлары аралығында ресми құжаттарға жалған мәліметтерді енгізуге бұйрық беріп, оған заңсыз  109 299 теңге сомасында жалақы аударылды.

Сот үкімімен азаматша А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігімен (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) және 369-бабының 1-бөлігімен (Қызметтiк жалғандық жасау)  қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойы жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және мемлекеттік қызметінде белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырумен қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеумен бір жыл бір ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, сотталған адамға келесі міндеттер қойылды: сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын ауыстырмау, ойын-сауық орындарға бармау, жұмысынан бос уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу, уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз басқа жерлерге бармау.

Сотталған адамның мінез-құлқын бақылау үшін оның тұрғылықты мекен-жайы бойынша пробациялық бақылау қызметіне жүктелді.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі