Сотпен сот актісін орындамағаны үшін өсімпұл өндіріп алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жеке сот орындаушыдан реабилитациялық басқарушыдан мемлекеттік кіріске өсімпұл өндіріп алу туралы ұсынымы келіп түсті.

Аталған ұсынымды қарау кезінде сот анықтағандай, сот шешімімен  «Н» АҚ-ның өндіріп алушылар реестріне қоспау бойынша талабына  «А» ЖШС-ның уақытша администраторының әрекетін заңсыз деп танылды.  Сот уақытша администраторды талап қоюшының құқығын бұзып орын алған кемшіліктерді  толығымен жоюды міндеттеді, алайды уақытша администратормен сот шешімі өз еркімен орындалған жоқ.

Көрсетілген бұзушылықтар негізінде, сот ұйғарымымен уақытша администратордан мемлекеттік кіріске  794 150 теңге мөлшерінде өсімпұл өндіріп алынды.

Апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатының ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі