Сотта әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкәмшілік іс бойынша өндіріс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 28-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк жауаптылыққа әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға жатады.

Құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда болған, яғни өз әрекеттерiнiң нақты сипаты мен қауiптiлiгiн сезіне алмаған немесе оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-есі кемдiгiнің немесе психикасының өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан басқара алмаған жеке тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа жатпайды.

Ақмола облысының Бұланды аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот анықтағандай, Макинка бекетінің ЖПБ КПТ жедел уәкілімен К-ға қатысты ортақ пайдалану орынды ластағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша өндіріс қозғалған. Алайда, Зеренді аудандық сотының 2009 жылғы 30 қарашадағы шешімімен азамат К. әрекетке қабілетсіз деп танылған.

Осыған байланысты, азамат К. өзінің психикалық жағдайына, яғни ақыл-есi дұрыс еместігінен әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болмайды және оған қатысты іс бойынша өндіріс әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Сонымен қатар, сотпен ЖПБ басшылығына әкімшілік заңнаманың нормаларының бұзылуы туралы, ұқсас бұзушылықтарға жол бермеуге шара қолдану үшін жеке қаулы шығарылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі