Сотта «Луч надежды» қоғамдық ұйымы басшысының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында «Әйелдер мен балалар құқығын сотта қорғау. Гендірлік саясат» тақырыптарына «Луч надежды» қоғамдық ұйымы басшысының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Судья Ә.Дүйсебаев өз баяндамасында  гендерлік теңдік – қоғамды демократияландырудың индикаторы және оның өркениеттік деңгейі болып табылатынын атап өтті. «Қазіргі қоғамда «теңдік мәдениетінің» дамуы әйелдер мен ерлерге бірдей азаматтық құқықты қамтамасыз ету мәселесін бірінші жоспарға қоятын жетекші халықаралық ұйымдардың саясатымен қамтамасыз етіледі» –  деп айтты судья.

«Дөңгелек үстел»  қатысушылары өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі