Сотта тараптар татуласу келісімін жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 1-қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Азаматтык процестік кодексінің жаңа редакциясында тараптарды татуластыру мәселелеріне аса маңызды назар аударылған.         

Азаматтық процестік кодексінің 17 тарауында тараптардың «Татуластыру рәсімдері» татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін жасау сияқты тараптардың татуласу әдістері нақты реттелген. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап  тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Мысалы, Қорғалжын аудандық соты  азамат К-ның  азаматша Ш-ға қарыз соммасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот отырысында, тараптар татуласу келісімге келгендерін, оның шарттары бойынша азамат К. қарыз соммасын азайтып, ал азаматша  Ш. талап қоюшыға қарызды  ай сайын қайтаруға міндеттенеді.

Ic бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.   

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі