Сотта татуласу келісімі бекітіліп, заңсыз жұмыстан шығарған қызметкер жұмыс орнына қайта орналастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық соты азаматша Ж-нің Қорғалжын балалар музыкалық мектебі директорының жұмыстан шығару жөніндегі бұйрығын заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, еріксіз бармаған күндерге еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақыны өндіріп алу, сонымен қатар, жыл сайынғы еңбек демалысы жөніндегі берешекті төлеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Ж. балалар музыкалық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған кезінде, алты айдың ішінде емделуде болған себептен жұмысқа шыға алмады. Қорғалжын балалар музыкалық мектебінің директоры оны заңсыз бұйрық шығарып жұмыстан шығарған.

Сотта азаматша Ж. мен директор келесі шарттар бойынша татуласу келісім жасады. Балалар музыкалық мектебінің директоры азаматша Ж-ні жұмысқа қайта орналастырады, еріксіз болмаған күндерге еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақыны төлейді, сонымен қатар, жыл сайынғы еңбек демалысы жөніндегі берешекті төлеуге міндеттенеді, ал азаматша Ж. талап арызынан бас тартады.

Сот татуласу келісімді бекітті, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі