Сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жақсы аудандық соты азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат азаматша С-ның жерқоймасына кіріп, азық-түлік ұрлаған.

Сот отырысында, жәбірленушіден сотталушы Б-мен медиация тәртібі арқылы татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  68-бабының 1-бөлігімен  («Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») ер азаматқа қатысты медиация тәртібімен және келтірілген материалдық шығынды өтеуіне байланысты Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен («Ұрлық») қылмыстық іс тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі