Соттар әкімшісінің қызметкерлері үшін семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының меңгерушісі С.Шуақпаева Соттар әкімшісінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтауы жөнінде, мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік тілді сотта қолдану сұрақтары бойынша семинар өткізді.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Г.Кәрімова мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын негізгі талаптарды және мінез-құлқының үлгілерін айтты, құжатамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Р.Нұрқасынова мұрағатқа істерді уақытша және үнемі сақтауды ұймдастыру және тапсыру туралы сөз сөйледі, құжатамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы А.Тансықбаева іс қағаздарды жүргізу кезінде мемлекеттік тілді сапалы түрде қолдану туралы айтып өтті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі