Степногор қалалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығы туралы Ереже талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Степногор қалалық сотында кеңсе меңгерушісі О.Флерко сот кеңсесінің мамандары үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығы туралы Ережелерді талқылау бойынша семинар өткізді.                           

Кеңсе менгерушісі өз баяндамасында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығының негізгі міндеттерін, функцияларын және қызмет тәртібін айтып берді.

Ахуалдық орталық Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінен және сот органдарының өзге де ақпараттық жүйелерінен алынған өзекті және шынайы мәліметтердің негізінде сот жүйесі қызметінің жедел көрсеткіштерін шоғырландыру және көрсету мақсатында құрылған.

Семинарда кеңсе меңгерушісі сот қызметкерлерімен мінез-құлықтың жалпы стандарттарын, Судьялық әдеп кодексі мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің және сот отырысын өткізу регламентінің талаптарын қатаң сақтауына назар аударды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі