Степногор қалалық сотының судьялары Ақсу көшенің бірін Етекбай бидің атымен өзгерту туралы ұсыныс жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Степногор қалалық сотының төрағасы Мақсұтхан Ахметов судьялар ұжымымен Етекбай биідің жерленген зиратының басына барды.

Етекбай би Түркебайұлы 1808 жылы Степногор қаласының маңында орналасқан Қарабұлақ деген жерде дүниеге келіп, 1889 жылы сол жерде қайтыс болған. Терең білімді, араб, орыс, тілдерін және сол ұлттардың шығармаларын жақсы білген ақын.

Ақмола облыстық сотының тарихи мұражайында Етекбай бидің бюсті және ол туралы жазбаша ақпараттар бар.

Степногор қалалық сотының судьялары Ақсу ауылындағы көшенің бірін Етекбай бидің атымен өзгерту туралы ұсыныс жасады. Атауын өзгерту бойынша жұмыс жергілікті әкімдікпен бірлесіп жүргізіледі.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі