Степногорск қалалық сотында 2017 жылдың 9 айы ішінде 48 жекеше қаулы мен ұйғарым шығарылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Степногорск қалалық сотында жыл басынан заңдылықтың бұзушылығын анықтау бойынша, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауды анықтауға байланысты 48 жекеше қаулы мен ұйғарым шығарылды. Соның ішінде қылмыстық істерді қарау кезінде 5 жекеше қаулы, азаматтық істерді қарау кезінде 19 жекеше ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылық істер қарау кезінде 24 жекеше қаулы шығарылды.

Сот мемлекеттік органдардың,  лауазымды адамдардың,  ұйымдардың немесе олардың басшыларының заң бұзушылықтары анықталған фактісі болса, сондай-ақ өзге де жағдайларда негіздер болған кезде, жекеше қаулыларды шығаруға құқылы.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі