Татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат Б. үйдің ауласында, азаматша Ш-ның ар-намысы мен абыройына кір келтіретін былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Істі қарау барысында, жәбірленушіден оған құқықбұзушымен келтірілген зиянның орнын толтырумен татуласуына байланысты, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш түсті.

Сот қаулысымен сотталушыға қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабының 1-бөлігімен  («Қорлау»), Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігі негізінде («Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») тараптардың татуласуымен және келтірілген зиянның орнын толтырылуына байланысты тоқтатылды. Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.    

Қайнар: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі