Туған ұлдан келген қаза...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сол қанды оқиға болатын күні ұсталған Сәбиттің анасы өз бөлмесінде отырған. Сол мезет қасына Сәбиті келіп анасынан күнделікті ішетін дәрісін ұмытып кетпегендігін сұрап мазасын алды. Онсыз да ер жеткен ұлының қамсыз тірлігіне мазасызданып жүрген анасы оған дәрісін ішпегенін ашумен айтты. Осы сөз ана мен баланың арасындағы кезекті жанжалға ұласты. Дұшпан – ашудың жетегіне ерген ұр да жық Сәбит өзінің жуан жұдырығымен анасын тура шеке тұстан періп қалды. Мұндай қатты соққыны күтпеген анасы өз-өзіне ие бола алмай кереуетке соғылып, кейін жерге құлап түсті. Сәбит түк болмағандай кеуек салмақты анасын жерден көтеріп алып  кереуетке жатқыза салды да, өз бөлмесіне шығып кетті, сөйтті де тәтті ұйқыға дес берді. Ол осы сәт өзіне жарық дүние сыйлаған, жалғандағы ең жақын адамының өлім алдында ұлынан көмек сұрап қиналып жатқанын білмеді. Қайран ана өз жүрегінің өзегін жарып шыққан жалғыз ұлының қолынан, өз үйінде қиналып тоқтайтынын өмір бойы сезбей келіпті.

2014 жылдың 21 қаңтарында атбасарлық тергеушілер өз анасын жарақаттап, абайсызда өлтіріп алған аудан тұрғынына қатысты  ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Аудандық сот қылмыскерді тұтқындау туралы бұлтартпау шарасын беру барысында айыпталушының осыған дейін Атбасар аудандық сотының  үкімімен ҚРҚК 103-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін 4 жылға сотталғаны айыпталушыға сабақ болмағанын ескерді.

Енді бұл істің нақты ақ-қарасын сот шешпек.

Алмагүл Жакимова, Атбасар аудандық сотының судьясы