Тәжікстан Республикасының екі азаматы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты Тәжікстан Республикасының екі азаматына қатысты  әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қарады.

Сот анықтағандай, Тәжікстан Республикасының екі ағайындылары  2016 жылдың 28 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына  келіп, Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясында 2016 жылдың 15 маусымына дейін  тіркелген.

Тексеру кезінде тіркеу туралы жеке өтініште көрсетілген мекен-жайда аталған тұлғалар тұрмай,  басқа мекен-жайда тұрғаны анықталған.

Сот қаулысымен екі құқықбұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі