Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Жақсы аудандық соты әкімшілік құқықбұзушылық жасаған азамат К.,-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

К., Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 330-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған, атап айтқанда көпшілік пайдаланатын орынға шылым тұқылын лақтырып ортақ пайдалану орнын ластаған.

Сот қаулысымен К., Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 330-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5 556 теңге әкімшілік айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі