Жаңалықтар

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысында өзара әрекеттесу туралы

19/04/2024

   Қорғалжын аудандық сотының судьясы Асқар Зиада ішкі саясат, төтенше жағдайлар, білім бөлімі, отбасыларды қолдау және сүйемелдеу Орталығы, Іскер әйелдер қауымдастығы, Аналар кеңесінің өкілдері, учаскерлік инспекторы мен психологтің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.
   Кездесудің тақырыбы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық, алаяқтық, бопсалау және есірткі-психотроптық заттармен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу».
   Іс-шарада құқық бұзушылықтардың себептерін анықтау, алдын алу, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту саласындағы сұрақтар талқыланды.

Жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында

18/04/2024

   Біржан сал аудандық сотының судьясы Фархат Абдраимов және аудан прокуроры Самат Нұрманбеков Степняк қаласы орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.  
   Жасөспірімдерге есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты түсіндіру бойынша дәріс оқылды, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
   Іс-шара кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатымен өткізілді.

 

 

Жария сот отырысы. Сот құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірді.

18/04/2024

   Егіндікөл ауданында екі дос, жергілікті колледж түлектері ұрлық жасаған.
   Егіндікөл ауылында түнгі уақытта «Х.» және «Ш.» үйлердің ауласында тұрған автокөліктерден бензин ұрлап, көлік ішіне кіріп, автомагнитолдар алған (Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігінің 2,3-тармақтары).
   Осылайша, жас адамдар көлік иелеріне материалдық шығындар келтірді.
   Сотта «Х.» және «Ш.» кінәларін мойындады, өкінді, барлық жәбірленушілерге келтірген шығындарды қайтарды. Жәбірленушілер сотталушыларды кешіріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Отставкадағы судья оқушылармен кездесті

17/04/2024

   Сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья Басбатыр Ахметжанов Бұланды ауданы мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
   Кездесуде отставкадағы судья сот жүйесінің құрылуы, дамуы мен жетістіктері, электронды сот ісін жүргізу, сотқа дейін және сотта татуластыру рәсімдерін қолдану туралы айтып, кәмелетке толмағандарға қатысты кейбір құқықтық нормаларын түсіндірді.

 

 

Алқабилер аса қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін «Б.»-ны кінәлі деп таныды

16/04/2024

   2023 жылдың қарашасында Бұланды ауданының Макинск қаласында «Б.» оқпен жараланған «К.»-ні автокөлікпен басып, аса қатыгездікпен өлтірген. Кейін, автомашинаны айдап әкетіп, басқа көлікпен соқтығысу жасап, бөтеннің мүлкіне жалпы қауіпті жолмен залал келтірді (Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5)-тармағы, 200-бабының 3-бөлігі, 202-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағы).

Көкшетау қалалық сотында ...

15/04/2024

    Көкшетау қалалық сотында негізсіз байыту сомасын өндіріп алу туралы бес жауапкерге «Г.»-ның талап қоюы бойынша азаматтық іс  медиация тәртібімен тоқтатылды.Тараптар, медиатор судьяның көмегімен бір-біріне өзара жеңілдіктер негізінде медиативтік келісім жасасты. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты сақтау  қажет болғанда және екі жаққа  ыңғайлы фактор болған кезде сотта тараптардың татуласуы өте  тиімді.

Студенттер мен мектеп оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді

12/04/2024

   Астрахан аудандық сотының төрағасы Нұржан Мелдебаев және аудандық прокуратурасының аға прокурора Ермек Қарабасов Астрахан ауылынын колледж және сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
   Кездесудің тақырыбы – «Есірткінің заңсыз айналымы, сату, тарату. Банк карталары мен телефондар арқылы онлайн жасалған алаяқтық.».
   Іс-шарада құқық бұзушылықтарға қатысты бейнефильмнің көруі ұйымдастырылды, студенттер мен мектеп оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Психотроптық заттарды дайындағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды

11/04/2024

   Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны «Т.» әлеуметтік желі арқылы адамдар тобымен (зертхананың әкімшілерімен, қылмыстық іс оларға қатысты жеке өндіріске бөлінген) психотроптық заттар дайындау жөнінде сөз байласқан.
   Олардың нұсқауларын орындай отырып, «Т.» Бурабай ауданы Щучинск қаласында жеке үй сатып алды. Аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды дайындауға қажетті құрамдас элементтер, аспаптар мен құрылғыларды тауып алып, нарколаборатория ұйымдастырды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында

11/04/2024

   Егіндікөл аудандық сотының төрағасы Кабира Сәдуақасова және судья Секербай Каскарбаев аудандағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
   Кездесуде есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік және электрондық құрылғыларды пайдалану арқылы алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірмелі әңгімелер жүргізді.
   Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, прокурордың көмекшісі және полиция инспекторы қатысты.

 

 

Балабақша қызметкерлерінің қатысуымен жария сот отырысы өтті. Сот баланы шымшып алғаны үшін тәрбиешіге айыппұл тағайындады.

10/04/2024

   Сот Атбасар қаласының мектепке дейінгі балалар мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен жария сот отырысын өткізді.
   Сотта балабақша тәрбиешісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот қаулысы жарияланды.
   Балабақша тәрбиешісі «М.» бес жасар баланың денесінен шымшып, жеңіл түрде жарақат салып, оның денсаулығына зиян келтірді (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі).

Беттер