Зеренді аудандық сотында «дөнгелек үстел» басында кездесулер өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеренді аудандық сотында медиацияны қолдану мәселелері бойынша кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың, прокурорлармен адвокаттардың қатысуымен «дөнгелек үстел» басында отырыстар өтті.

Сот төрағасы Қайрат Шаймергенов медиаторлардың қатысуымен соттарда медиацияны қолдану туралы айтты.

Кәсіби медиатор Асқар Әміржанов медиацияны жүргізу тәжірибиесін әңгімеледі.

Сондай-ақ, медиациядағы даулардың жекелеген санаттарында дауларды (дау-шаралары) сотқа дейінгі реттеуді жүзеге асыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі де талқыланды.

Пилоттық жобаның мақсаты: азаматтық сот ісін жүргізуде медиация институтын даулардың жекелеген санаттары бойынша қолдану және келісу рәсімдерінің көлемін кеңейту болып табылады.

Кездесулерде, сот төрағасы пилоттық жобаны іске асыру сот тәртібімен жүргізілуін, сондай-ақ медиацияны қолдану арқылы қараған істердің санын ұлғайту қажеттілігін атап өтті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі