Зерендіде бала бақша тәрбиешісіне тіл тигізген азамат жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Зеренді аудандық сотының өндірісіне келіп түскен бұл талап-арыздың  мән-жайы бойынша Ш. есімді азамат кешкілік бала бақшаға ұлын алып кету үшін баруынан бастау алған екен. Балаларды киіндіретін орында Ш. ұлының тәрбиешісі азаматша О.,-мен сөзге келіп қалады. Оған тәрбиешінің баланың күркілдеп жөтеліп жүргеніне байланысты келесі күні бақшаға әкелмеуін талап етуі себеп болған. Ш. бұған ашуланып тәрбиешілердің балаларды далаға серуенге шығару барысында дұрыс киіндірмейтіндіктен баласына суық тиіп қалғанын айтып, өзіне дүрсе қоя береді. Кикілжің барысында Ш., өзін ұстай алмай ата-аналардың, балалардың көзінше тәрбиешінің жер-жебіріне жетіп, былапыт сөз айтқан. Сөйтіп есікті тарс жауып кетіп қалған.
Сотта Ш., өз кінәсін мойындаған жоқ.
 Зеренді аудандық соты азамат Ш.-ны ҚР ӘҚБтК 330-бабы 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық) көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, оған 10 АЕК көлемінде 18 520 (он сегіз мың бес жүз жиырма) теңге әкімшілік айыппұл салды.
ҚР ӘІЖК 707-бабына сәйкес осы қаулы заңды күшіне енгенінен кейін құқықбұзушы айыппұлды өз еркімен 30 күн ішінде орындауы тиіс.
Қаулы заңды күшіне енді.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі