Жақсы ауданында танысын жәбірлеген азамат 20 сөткеге қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жақсы аудандық соты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 79-3 бабы 2-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасаған 1971-жылы туылған Жақсы ауданының тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.
Іс мән-жайлары бойынша азамат Б., өзі жұмыс істейтін «Ертегі» кондитерлік дүкенінің бу қазандығында азаматша О., мен бірге көңіл көтеріп отырып кикілжіңге келіп қалып, қол жұмсаған. Ал кикілжің талапкердің азамат Б., мен жыныстық қатынасқа түсуіне қарсылық білдіруінен басталған. Қарсылыққа қорланып, ашуланған Б., О., - ға қол жұмсап, соңғысы қорыққанынан жылы киімсіз далаға қашып шығып, нәтижесінде қолдарының саусақтарын үсітіп алған. Келесі күні ол осы нақтамамен аудандық ауруханаға жеткізілген.
Сот Б.,-ны Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 79-3бабы 2-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты яғни қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып 20 сөткеге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі