Жарқайың аудандық сотында сот бұйрықтарымен коммуналдық қызмет бойынша берешектер өндіріп алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында «Коммунсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның арызы бойынша 6 азаматқа қатысты коммуналдық қызмет бойынша сот бұйрығын шығарумен берешекті өндіріп алу туралы талап қою арыздары қаралды. 

Өз арыздарында талап беруші, борышкер мен талап берушінің арасында жылу беру, сумен қамтамасыз ету, кәріс құбыры және қоқысты шығару бойынша коммуналдық қызмет көрсету туралы шарт жасалғанын көрсеткен. Алайда, борышкерлермен аталған шарт бойынша міндеттер тиісті деңгейде орындалмаған.

Сот бұйрықтарымен алты азаматтан коммуналдық қызмет бойынша берешектер, өсімақы және сот шығындары өндірілді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі