Жүргізуші тиісті рұқсатсыз жолаушыларды тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Есіл аудандық сотында құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен, азамат А. міндетті түрдегі рұқсатты алмай және хабарлама жібермей жолаушыларды тасымалдау түріндегі кәсіпкерлік қызметімен айналысқаны анықталған.

Сот қаулысымен азамат А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 463- бабының 1-бөлігімен («Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық кірістерін тәркілеумен айыппұл түрінде  әкімшілік жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі