Шортанды аудандық сотында «Неке және отбасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті
19/05/2017
Ақмола облысының Шортанды аудандық сотында судьялар, сот қызметкерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері мен «Бүркіт» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасының қатысуымен «Неке және отбасы» тақырыбын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелде» судья Еркін Серікбаевтың неке және отбасы қатынастарынан туындайтын даулар туралы азаматтық істерді қарау бойынша сот тәжрибесін түсіндіру бойынша баяндамасы тыңдалды.
Қайнар:
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі