Сот құқық бұзушыға кәмелетке толмағандарды алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзгені үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады
19/05/2017
Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағандарды алкогольдік масаң күйге жеткізгені үшін азамат О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот анықтағандай, азамат О. кәмелетке толмаған Т. және П-ға алкогольдік ішімдікті ішуге ұсынған. Нәтижесінде, оларды алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзді.
Сот қаулысымен азамат О. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 131-бабы бойынша («Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.
Қайнар:
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі