Ақкөл аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 33 Өзбекстан Республикасының азаматтарына жаза тағайындады
19/06/2017
2017 жылдың 5 айы ішінде Ақкөл аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 33 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.
Сот қаулыларымен 33 Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 2, 5- бөліктерімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 32 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, бір азаматқа әкімшілік айыппұл түрінде жазалар тағайындалды.
Қайнар:
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі