Ақмола облыстық соты

Бұланды аудандық сотында сот актілерін орындамағаны үшін 32 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды

13/06/2017

Бұланды аудандық сотында 2017 жылдың 5 айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабы бойынша («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») сот шешімдерін орындамағаны үшін 32 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды, оның ішінде 6 азаматқа әкімшілік айыппұл өндіріп алу, 26 азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде жазалар тағайындалды.

Әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе сот белгілеген шектеулерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

13/06/2017

Степногорск қалалық сотының қаулысымен бұрын бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Азамат Г. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 480-бабының 1-бөлігімен (Әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе сот белгілеген шектеулерді орындамау) құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Ақмола облыстық сотында болашақ судьялар үшін арнайы дайындық курс сабағы үйымдастырылды

05/06/2017

Ақмола облыстық сотының оқу орталығы сот жүйесінде қызмет атқаратын мамандар үшін сот білімі туралы және судья лауазымына біліктілік емтихандарын тапсыру бойынша арнайы дайындық курс өткізді.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов болашақ судьяларға оқыған баяндамасында сот корпусын даярлау жүйесінің жетілдірілгенін айтып, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптарды түсіндірді.

Судья лауазымына кандидат туралы пікір білдіріңіз!

05/06/2017

Сот жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету және судья лауазымына кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында, судьялыққа тағлымдамадан өту үшін бос орындарға жариялаған Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Қазбек Дәулетұлы Сағадиевтың кандидатурасын тұрғындар назарына ұсынады.

Осы азамат жөніндегі пікірлеріңіз, қосымша ақпараттарыңыз бен мәліметтеріңіз болса, 2017 жылдың 16 маусымына дейін облыстық сотқа жолдауларыңызға болады.

Қорғалжын аудандық сотында балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін 6 әкімшілік іс қаралды

02/06/2017

2017 жылдың 5 айында Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотында балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғаны үшін Қорғалжын селосы мен Астана қаласында тұратын 6 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай, 6 балық аулаушылар Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының ерекше қорғалатын аумағында заңсыз балық аулауды жүзеге асырған.

50 құқық бұзушы сот шешімдерін орындамағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

02/06/2017

2017 жылдың 5 айында  Ақмола облысы Есіл аудандық сотында сот шешімдерін орындамағандары үшін 50  азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 50 азамат Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы бойынша («Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау») құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 41 құқық бұзушыға әкімшілік қамаққа алу және 9 құқық бұзушыға айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Еңбекшілдер аудандық соты 30 көлік жүргізушіні жол- көлiк оқиғасымен байланысты құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп таныды

02/06/2017

2017 жылдың 5 айында Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында көлік жүргiзушілерге қатысты жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзғаны үшін 30 әкімшілік істер қаралды.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 80 шетел азаматтарына жаза тағайындады

02/06/2017

2017 жылдың 5 айы ішінде Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және Беларусь Республикасының 80 азаматына  қатысты әкімшілік істер қаралды.

Судьялар Балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

01/06/2017

Халықаралық балаларды қорғау күні «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы филиалының төрағасы және Ақкөл аудандық сотының судьялары Ақкөл қаласындағы жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған  балалар үйіне барып, мерекелерімен құттықтады.

Судьялар тәрбиеленушілерді құттықтап, деледидар сыйға тартты.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот ісін жүргізу мерзімдерін есептеу» және «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру» тақырыптарымен семинар өтті

30/05/2017

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот мамандары  «Сот ісін жүргізу мерзімдерін есептеу. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Судья Ғалым Қайшыбеков сот ісін жүргізу мерзімдерін сақтау туралы баяндама оқыды. Сот кеңсесінің бас маманы Нұрбек Ержанов «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру» тақырыбында сөз сөйледі.

Беттер