Ақмола облыстық сотының төрағасы Ерейментау ауданынының белсенділермен кездесіп

Ақмола облыстық сотының төрағасы Ерейментау ауданынының белсенділермен кездесіп, азаматтарды қабылдады

11/08/2017

Ерейментау қаласының аудандық әкімдігінің ғимаратында Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров аудан әкімінің, депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшыларының қатысуымен тұрғындармен кездесу өткізді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы өз сөзінде мемлекеттік тілді қолдану мен медиация институтын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ведомствалардың  бірлескен жұмысы қажет екенін атап көрсетті.