Сот атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

Сот атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

19/06/2017

Аршалы аудандық сотында сот қаулысыменбес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жазаны орындамағаны үшін  азамат В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат В. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабында («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндеәкімшілік жаза тағайындалды.

Сот атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

19/01/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты атқарушылық құжатты орындамағаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К-ға 2016 жылдың 10 қарашасында Егіндікөл ауданы ішкі істер бөлімінің қаулысымен бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Алайда азамат К. бүгінгі күнге дейін атқарушылық құжатты орындамаған.