Автор жазбалары

Ақмола облыстық сотының төрағасы онлайн режимде БАҚ өкілдерімен кездесті

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір онлайн режимде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Досжан Әмір журналистерге соттардың қызметіне ақпараттық қолдау көрсеткені үшін, халықты құқықтық ағарту жұмысындағы жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтты.

Облыстық сот төрағасы Д.Әмір соттың баспасөз қызметі мен үйлестіруші судьялардың жұмысын атап өтіп, алғыс хаттар табыс етті.

Ақмола облыстық сотында Ақжан Ештайды еске алу құрметіне «Ақжанның ақ жолы» кітабінің тұсаукесер рәсімі өтті

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, облыстық және оған теңестірілген соттарының төрағасы Ақжан Ештайды еске алу құрметіне шығарылған «Ақжанның ақ жолы» кітабінің тұсаукесер рәсімін өткізді. Кітап судьяның 60-жылдық мерейтойына арналды.

Ақмола облысының судьялары құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге ведомствоаралық кеңеске қатысты

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов, облыстың аудандық және оларға теңестірілген соттарының төрағалары мен қылмыстық істерді қарайтын судьялар қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелерін талқылау бойынша ведомствоаралық кеңеске онлайн режимде қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы соттар жұмысының қорытындылары бойынша журналистермен кездесті

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткізілген баспасөз-конференцияда баяндама жасады.

Баспасөз-конференция облыс соттарының 2020 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша БАҚ өкілдері үшін өткізілді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс соттарының 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров2017 жылдың 1 жартыжылдығына соттардың жұмыс қорытындысы бойынша облыс судьяларының кеңейтілген кеңесін өткізді. Кеңеске сот алқаларының төрағалары, облыстық сот судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттарының төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшысы, Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы соттардың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференция өткізді

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыс соттарының 2017 жылғы 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясынөткізді.

 

Ақмола облыстық сотының төрағасы алты ауданда тұрғындармен жұмыс кездесуін өткізіп, азаматтарды қабылдады

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Жақсы, Есіл және Жарқайың аудандарында жұмыс барысында өткізген кездесуіне әкімдер, депутаттар, партиялық бірлестіктер, БАҚ, ҮЕҰ-ң өкілдері, құқық қорғау құрылымдары мен мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, адвокаттар, медиаторлар, ардагерлер мен ауылдық округтердің тұрғындары қатысты.

Тіл мерейі - ел мерейі

Мемлекеттік тіл тағдырына қатысты тіл жанашырларының жан айқайы мерзімді баспасөз беттерінде аз жарияланған жоқ. Біз де осы бір көкейкесті мәселенің өзіміз зерделеген себеп салдарына тоқталып, көкейдегі кейбір ойларды ортаға салуға ниеттендік.

Ұлт болып ұйысудың бағдары

Дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Қазақстан соңғы ширек ғасырда биік белестерді ба­ғын­ды­рып, бірліктің арқасында бірегей жетістіктерге жетті. Ал­дымен ел тұрмысына елеулі көңіл бөлген мемлекеттік сая­сат ендігі кезекте елдің рухын жаңғыртуға бағыт тү­зеді. Бұқараға жаққан бұл ізгі бастаманы Елбасының «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ма­қаласынан айқын түсінуге болады. «Санамыздың ізі­мізден озып жүруін» пайымдап, «ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуын» белгілеп берген Нұрсұлтан Әбішұлы ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылудың жолын көрсетіп отыр. Ендеше, бұл бағдар «мен» деген әр отандасымызға таудай жауапкершілік жүктейді.