Вопрос-ответ

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Сұрақ.

Дәлелдемелер дегеніміз не?

Жауап.

Сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де көздерден алынуы мүмкін.

Ал, қылмыстық істерге қатысты заңды түрде алынған, олардың негізінде анықтау органы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот заңда айқындалған тәртiппен ҚР-ның ҚК көзделген іс-әрекеттiң бар екенін немесе жоқ екенін, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының бұл әрекеттi жасағанын немесе жасамағанын, оның кiнәлiлiгiн не кiнәсіздігін, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын нақты деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер деп танылады.

Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар нақты деректер: күдіктінің, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнің, қорғалуға құқығы бар куәнің, сарапшының, маманның айғақтарымен; сарапшының, маманның қорытындысымен; заттай дәлелдемелермен; процестік әрекеттердiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен белгіленеді.

Сұрақ.

Сот отырысының хатшысы деген кім?

Жауап.

Сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, сондай-ақ сот отырысының аудио-, бейнетіркелуін қамтамасыз ететін мемлекеттiк қызметшi сот отырысының хатшысы болып табылады.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшiн жеке жауаптылықта болады.

Сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады және оны сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.

Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында аудио-, бейнежазбаны пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып бұл туралы сотқа баяндайды.
Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды. 

Сұрақ.

Тараптар дегеніміз кімдер?

Жауап.

Талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады.
Өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар оларды қорғап талап қою берген азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады.

Өздеріне талап қою берілген азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады.

Заңда көзделген жағдайларда, заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар болуы мүмкін.

Басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін заң бойынша сотқа жүгінуге құқығы бар тұлғалардың арызы бойынша өз мүддесінде іс басталған тұлғаға сот туындаған процесс туралы хабарлайды және ол оған талап қоюшы ретінде қатысады.

Азаматтық процесте мемлекет тарап болуы мүмкін.Тараптар процестік құқықтарын тең иеленеді және олардың бірдей процестік міндеттері болады.

Сұрақ.

Электрондық хаттама...

Жауап.

Сот талқылауының аудио-бейнежазбасыэлектрондықхаттамадептанылады.
Электрондықхаттаманыңтолықтығын, құрылымы мен сапалытыңдалуынқамтамасызететінтехникалықталаптардысоттардыңқызметінұйымдастырушылықжәнематериалдық-техникалыққамтамасызетудіжүзегеасыратын орган Азаматтықпроцестік Кодекс талаптарынескереотырыпайқындайды. 

Сұрақ.

Соттың шешімін орындауға жіберу...

Жауап.

Шешiм дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, заңды күшiне енгеннен кейiн заңмен белгiленген тәртiпте орындауға жіберіледі.

Соттың шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылып беріледі.

Мүлiк тәркiленген, мемлекет кiрiсiне өндiрiп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген нұқсан өндіріліп алынған, алименттер өндіріліп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда, сот өз бастамасымен ол жазылып берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындауға жібереді.

Соттың дереу орындалуға тиiстi шешiмi бойынша атқару парағы шешiм шығарылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жазылып беріледі және орындауға жiберiледi.

Сұрақ.

Сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi...

Жауап.

Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, егер шешімге шағым жасалмаса немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.

Қаржы ұйымдарын немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргiзу туралы сот шешiмі олар жарияланған күнінен бастап заңды күшiне енедi және дереу орындалуға жатады.

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы соттың шешімі жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Апелляциялық шағым берілген, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген жағдайларда шешім, егер оның күші жойылмаса және (немесе) ол өзгертілмесе, апелляциялық сатыдағы сот қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді, ал ҚР Азаматтық процестік Кодекстің 27-бабы төртінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шешімдер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының қаулысы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.
Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін тараптар және іске қатысатын басқа тұлғалар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сол талап қою талаптарын сол негіздер бойынша сотта қайтадан мәлімдей алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.

Егер жауапкерден мерзімдік төлемдерді өндiріп алынатын шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн төлемдердiң мөлшерiн анықтауға немесе олардың ұзақтығына ықпал ететiн мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы мерзімді төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдерiн өзгертудi талап етуге құқылы. 

Сұрақ

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (бұдан әрі – Әкімшілік сот) қандай істерді қарайды?

Жауап

Әкімшілік сотта әкімшілік орган, яғни мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік) жөнінде өкілеттіктер берілген өзге ұйымның әрекеттері мен шешімдерін даулау істері қаралады.

Сұрақ

Барлық әкімшілік істер бойыншадауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау міндетті ма?

Жауап

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтай тек осындай тәртіп заңда белгіленген жағдайда міндетті. (Мысалы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңындажеке сот орындаушының әрекетін даулау бойынша дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі қарастырылмаған)

Сұрақ

Әкімшілік органның әрекеті мен шешімін даулауға қатысты әкімшілік талап қоюды сотқа беру үшін мемлекеттік баж қандай бюджетке төленуге жатады?

Жауап

Бюджеттік кодекске сәйкес мемлекеттік мекемеге қатысты қойылған талап қоюлар бойынша мемлекеттік баж республикалық бюджетке, яғни БЖК 108125 төленеді (Бюджеттік кодекс 49-бап, 1-бөлік 36) тармақша). Ал басқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік) жөнінде өкілеттіктер берілген әкімшілік органдар мен ұйымдарға қатысты талап қоюлар бойынша мемлекеттік баж жергілікті бюджетке, яғни БЖК 108126 төленеді (Бюджеттік кодекс 52-бап, 1-бөлік 18) тармақша).