Архив событий

03/11/2023

Практикалық көмек көрсету мақсатында

03/11/2023

   Жергілікті соттарға практикалық көмек көрсету аясында, Ақмола облыстық сотының судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Алтын Шоинбекова Степногорск қалалық сотының судьялары үшін оқыту семинарын өткізді.
   Семинарда А.Шоинбекова ескіру мерзіміне байланысты меншік құқығын тану туралы, еңбек даулары бойынша, мұрагерлік істер бойынша, заңды фактілерді анықтау туралы істерді қараудың сот тәжірибесін түсіндірді. Сондай-ақ, борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуын шектеу туралы қаулыларды санкциялау мәселелері және басқа да сұрақтар талқыланды.