Архив событий

08/11/2023

Зергерлік бұйымдар дүкенінен ұрлық жасалды

08/11/2023

   Жұмыссыз жүрген бес ер азамат «Д.», «Ә.», «Е.», «О.» және «Ы.» бір-бірімен сөз байласып, Астрахан ауданындағы дүкенінен шамамен 12 млн.теңгеге зергерлік бұйымдар және кассадан ақшалай 70 мың теңге ұрлық жасады (ҚК 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы).
   Істі қарау барысында сотталушылар прокурормен кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында келісім жасасты.
   Сотталушыларға жазаны тағайындағанда, олар жасаған іс-әрекеттеріне шын жүректен өкінгенін және асырауында жас балалардың болуын сот жеңілдететін жағдайлар ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Ақмола соттары әкімшілері мен бөлім басшыларына көшбасшылық қасиеттер, жеке өсу мен даму тақырыбындағы семинар-трениниг өткізілді

08/11/2023

      Бірінші кезекте, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айгуль Хасенова және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқытушысы, психолог-маман Ольга Александровна Андриенкоға алғыс айтамын.