Архив событий

09/11/2023

Ақмола облыстық сотында Италия университетінің профессоры М.Греггимен кездесу өтті

09/11/2023

     Ақмола облыстық соты мен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті арасындағы өзара ынтымақтастығы аясында облыстық сотқа Феррара (Италия) университетінің заң факультетінің профессоры Марко Грегги келді.
     Шетелдік қонақпен кездесуде Ақмола облысы бойынша СА департаментінің басшысы Данияр Сапарбек сот органдарын цифрландыру туралы, сот залдарының АБТ-мен, техникалық құралдармен жабдықталғанын, «Сот кабинеті» мен «Төрелік» базасын қолдану, соттарда электрондық істердің қаралуы және т.б. көрсетті.