Кәмелетке толмағандардың арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу
15/11/2023
Атбасар ауданы мектебінің 7-8 сынып оқушыларына «Балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбына кездесу өтті.
Кездесуге Атбасар аудандық сотының судьясы Алмагүл Жакимова қатысып, мектеп оқушыларына аталмыш тақырып төңірегінде көптеген ақпарат беріп, статистикамен таныстырды. Оқушылар өз траптарынан сұрақтар қойып, нақты жауап алды.