
ОНЛАЙН СОТ ОТЫРЫСЫ
НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Құрметті қатысушы, біз онлайн-отырыстардың сапалы өтуі үшін барлық жағдайды жасаудамыз.
Соттардағы IT-сервистер қалыпты жұмыс істеуде.
Бірақ, Сіздің интернетіңіз бен техникаңыздың (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон, құлаққап, микрофон) дұрыс жұмысы өзіңізге байланысты.
Егер онлайн сот отырысы жақсы көрінсін, естілсін десеңіз, онда Сізге ӨТІНІШ:
- Құрылғыңызды дайындап, қуаттап қойыңыз
- Жылдам Интернет (4G, Wi-Fi) аймағында болыңыз (интернет жылдамдығын өлшеу - https://www.speedtest.net/ru);
- Жарық бөлмені таңдаңыз (кинотеатр, сауда орталығы, көлік, т.б. емес)
- Шулы кедергілерді алып тастаңыз (тұрмыстық техника, ашық терезе)
- Отбасыңыз бен өзге кісілерден алаңдатпауды сұраңыз
- Өзіңіз де бөтен нәрселерге алаңдамаңыз
- Анық сөйлеп, басқаның сөзін бөлмеңіз
- Сөйлемесеңіз микрофонды өшіріңіз
- Киім, жүріс-тұрыс, риторика этикетін сақтаңыз
Осы кеңестерді орындасаңыз, Сіз онлайн-отырысты сапалы әрі жылдамырақ өткізуге көмектесесіз.
vv